Құрылтай

Футболды дамыту мәселесі талқыланды

15

0

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Манн Скотты қабылдады. Кездесуде аймақ спортын, соның ішінде футболды дамыту мәселесі талқыланды.

– Бүгінде өңірімізде футболды дамытуға ерекше көңіл бөлініп ке­леді. Біздің мақсатымыз – бұ­қа­ралық футболдан бастап кәсі­би клубқа, академияға және Ұлт­тық құрамаға дейінгі біртұтас жүйе қалыптастыру. «Қайсар» фут­­­бол клубы жекешелендіріліп, оның ұзақмерзімді дамуына жаңа мүм­­кіндік берілді. Қазіргі таң­да клубтың заманауи базасы мен ака­демиясы салынуда. Бұл ны­сан­дар балалар-жасөспірімдер фут­бо­лын дамытып, клубтың өз тәр­бие­­ле­нушілерін не­гізгі командаға жеткізеді.

Сонымен қатар қызылордалық команда Қазақстан Кубогының жар­тылай финалына шықты. «Жеңіс­ке» қарсы алғашқы жартылай фи­­­налдық ойында «Қайсар» 3:1 есе­бімен жеңіске жетті. Екінші жар­тылай финалдық кездесу 19 та­мызда өтеді. Осы ретте сіздермен бір­лесіп өңір футболын дамыту мақ­сатында ауқымды жұмысты ат­қаруға ша­қырамын, – деді облыс әкімі.

Өз кезегінде Манн Скот ризашы­лығын білдіріп, ұсыныстарды бір­лесіп талқылауға ниетті екенін жеткізді.

Айта кетейік, 2022 жылдан бері аймақта 27 спорт нысаны пай­да­лануға берілді. Мемлекет бас­­шысының тапсырмасымен 11 мың орындық «Қайсар Арена» ста­­дионы салынып, өткен айда УЕФА-ның IV санатты жоғары мәртебесі берілді. Облыс орта­лы­ғында аумағы 25 мың шаршы метрлік «Қызылорда Арена» спорт кешені бой көтеруде. Бұдан бөлек, кәсіпкерлердің демеушілігімен, Ұлт­­тық компаниялар, спорт феде­рацияларының қолдауымен маңыз­ды жобалар жүзеге асыры­лу­да. Атап айтқанда, Қазақстан футбол фе­дерациясының қолда­уы­мен Ғ.Мұрат­баев атындағы ста­дионның қосалқы алаңы мен Жалағаш ауда­нының орталық стадионы күрделі жөндеуден өтті. «Самұрық Қазына Траст» қорымен бірлесіп Қызылорда қаласында «Теннис орталығы» ашылды.

Өткен жылы «Қазақстан хал­қына» қорының қолдауымен Шиелі, Жалағаш аудандарында жаңа спорт кешені және Қызылорда қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға ар­налған заманауи Инклюзивті спорт орталығы ел игілігіне табысталды.

Бүгінде облыста 377 мыңнан астам тұрғын бұқаралық спортпен шұғылданады.