«ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ТЕРІ-ВЕНЕРОЛОГИЯ ДИСПАНСЕРІ» ШЖҚ КМК ұжымына және мейіргер Ибраева Махаббатқа
АЛҒЫС
Барша диспансер ұжымын атаулы мерекелермен шын жүректен құттықтай отырып, әрқайсыңызға қажырлы еңбектеріңіз бен адам денсаулығын сақтауға қосып жүрген үлестеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін!
«Жақсы дәрігер ауруды жазады, жаман дәрігер ауруға ауру қосады» деген қазақтың тағылымды сөзі бар. Осы орайда емхана бөлімінің мейіргері Ибраева Махаббат ханымға ерекше алғысымды білдіргім келеді.
Махаббат ханым – жас пен кәріге бірдей көмек қолын созып, әр науқасқа ерекше ықылас пен мейірім танытатын, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын білікті маман. Ақ халатты абзал жан өзінің жылы сөзімен, ізгі ниетімен, қамқорлығымен науқастардың көңілін көтеріп, олардың өмірге деген құлшынысын арттырып келеді.
Емханаға денсаулығыма байланысты жүгінген кезімде Махаббат ханымның өз ісіне деген адалдығына, адамға деген жанашырлығы мен мейірімділігіне ерекше риза болдым. Ол бар ынта-жігерін аямай, сөзімен де, ісімен де қолдау көрсетіп, ем алушының көңілінен шығатын ізгі қарым-қатынас танытты.
Осындай жауапты да сауапты еңбекті абыроймен атқарып жүрген Махаббат Ибраеваға шын жүректен алғыс айтамын!
Еңбегіңіз әрдайым жемісті болсын!
Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін!
Емделуші науқастардан тек алғыс пен ақ баталар алып, халық игілігі жолындағы еңбегіңіз елене берсін!
Ізгі ниетпен,
Алғыс білдіруші: Енсепова Индира





