Үздік қызметкерлерге құрмет

619

0

Көпбейінді облыстық аурухананың мәжіліс залында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен ашылған мерекелік іс-шарада облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов сөз алып, сала мамандарын ұлттық мерекемен құттықтап, үздік қызметкерлерді марапаттады. Мерекелік марапат табыстау рәсімін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов жалғады.

Салтанатты шарада Мәдениет саласының үздігі, әнші, сазгер Индира Елубаева «Туған жер», «Өмір уақыт» сияқты ән шашуын арнаса, облыстық филармония әншісі Бақытжан Найманов «Қазақстан», «Белеске» әндерімен ақ халаттыларды қуантты.

Денсаулық сақтау –  маңызы зор салалардың бірі. Бүгінгі күнге дейінгі тоқтаусыз дамып келе жатқан медицина саласы биік шыңдарды бағындырып үлгерді. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар бұл саланың биікке өрлеуіне айқын жол ашты.  Ауруханалар заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, дәрігерлер біліктілігі мен тәжірибесі артты. Бұл орайда Сыр медицинасы республика көлемінде халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету бағытында көш бастап келеді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<