Сенат аппаратының басшысы тағайындалды

599

0

Максим Споткай Сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Максим Александрович 1991 жылы туған. Білімі жоғары. Омбы мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Инженер-менеджер.

«Nur Otan» ХДП Ақсу қалалық филиалының жастармен жұмыс жөніндегі маманы, «Джей Энд Эс» халықаралық компаниясының қазақ тілі оқытушысы, «ZamandaS» Омбы қазақ мәдени-ағарту газетінің бас редакторы, «Мәдениет, спорт және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Павлодар облыстық филиалының бас маманы, «Павлодар облысының кәсіпорталығы» КАБ төрағасының м.а., «Павлодар кәсіпқызмет» ЖШС-нің директоры, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ жетекшісі, бас сарапшысы, «Нұр-Медиа» ЖШС медиа редакциясының басшысы, бас директорының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, ҚР Парламенті Сенаты аппараты басшысының орынбасары болып қызмет істеген.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<