Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері назарына!

449

0

Фото: ашық дереккөз

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері, шаруа қожалықтар мен жекелеген кәсіпкерлік субъектілер назарына!

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда қалалық аумақтық инспекциясы (бұдан әрі-Инспекция), төмендегідей хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 13.02.2015 жылғы карантинге жатқызылған өнімнің тізбесін бекіту туралы №4-4/103 бұйрығында көрсетілген ауыл шаруашылық дақылдары (өнімдері, тұқымдық материалдар) карантинге жатқызылған өнімдер тізбесіне енгізілген.

Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 9 бап 3 тармағында «егiстiктi, аумақты, карантинге жатқызылған өнiм сақталатын қоймаларды жүйелi тексерiп отыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ карантинге жатқызылған қолда бар өнiмдi тексеру және сараптамадан өткiзу үшiн ұсынуға міндетті» деп көрсетілген.

Осыған байланысты, ерте көктемде егіс науқаны басталатын уақытқа дейін, қолда бар карантинге жатқызылған өнімдерді Инспекцияға карантиндік сараптамадан өткізу үшін ұсынуға жоғарыда аталған Заң негізігінде міндетті екендеріңізді хабарлаймыз. Карантиндік сараптамадан өткізу ақысыз (тегін) көрсетіледі.

Сонымен қатар, ерте көктемде егілген ауыл шаруашылығы дақылдарын егу заңдылығына талдау жүргізілетіндігін және Заң талаптарының бұзылғаны анықталған жағдай, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 400 бабына сәйкес әкімшілік айыппұл қаралғанын ескертеміз.

Н.Кеңесбай,

«ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда қалалық аумақтық инспекциясы» ММ-нің бас маман-өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<