Сурет: Ашық дереккөз
Үкіметтің қаулысымен Еділ Сабырұлы Оспан Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Еділ Оспан 1983 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.
А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Ұлыбританиядағы Эксетер унивреситетін (University of Exeter) бітірген.
![](https://www.inform.kz/radmin/news/2023/02/20/230220090828771e.webp)
Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласындағы «Құқық және экономика» колледжінің оқытушысы болып бастаған.
Әр жылдары Қазақ гуманитарлық-заң университетінің оқытушысы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жетекші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.
2007-2010 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі.
2010-2019 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сарапшысы, инспекторы.
2019-2020 жылдары Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары.
2020 жылы – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі.
2020 жылғы қарашадан 2021 жылғы ақпанға дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2021 жылғы ақпаннан 2023 жылғы ақпанға дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі.
2023 жылғы ақпан айынан бастап — Үкімет Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<