Наурыз айының 20-25 күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өткізілді.
Білім додасына 9 – 11 (12) сынып оқушылары математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндері бойынша бақ сынасты.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/03/img-20230326-wa0019.jpg)
Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген олимпиаданың республикалық кезеңіне Сыр өңірінен 38 оқушы қатысып, 18 оқушы жүлделі (5 оқушы – І орын, 5 оқушы – ІІ орын, 8 оқушы – ІІІ орын) орын иегері атанса, 2 оқушы Грамотамен марапатталды. Сондай-ақ, 3 оқушыға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің білім гранты табысталды.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/03/img-20230326-wa0020.jpg)
Сайыс қорытындысымен Қызылорда облысының командасы «Ең үздік олимпиадалық команда – ІІІ орын» атағын иемденді.
Ағымдағы жылдың 3-7 сәуір күндері қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша өтетін республикалық олимпиадаға 29 өреніміз қатысатын болады. Жас дарындарымызға аймақ абыройын арттырады деп сенім білдіреміз.
Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<