Мамандық таңдау — болашақты ойлау

565

0

Мектеп бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық Сіздің болашағыңыз. Мамандық таңдау — өте жауапкершілікті және маңызды іс. Қазіргі таңда мамандықтың түрі де жоғарғы оқу орындары да көп. Сондықтан ЖОО мен мамандықты дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.
Сапалы кәсіби білім ошағы — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды таңдаудың да себептері бар:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ отандық университеттер ұлттық рейтінгісінің көшбасшысы жəне QS халықаралық рейтінгісінде əлемнің 800 үздік университеттері арасында 220 орынды алады.
Университеттік кампуста заманауи оқу ғимараттары, ғылыми инфрақұрылым, кітапхана, интернет-орталық, фудкорттар, спорт кешені, кинотеатр, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, Студенттер сарайы, әскери кафедра, бассейн, «Жас ғалымдар үйі» бар. Студенттергe ыңғайлы жатақханалардан орын беріледі.
16 факультетте 86 мамандық бойынша жоғары білім (бакалавриат) алу, магистратура мен PhD докторантурада оқуды жалғастыру мүмкіндігі бар. Оқу үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Жоғары және арнайы орта білім негізінде білім алу. Оқудың түрлері: күндізгі және қашықтықтан оқыту.
Үздіксіз білім беру жүйесі: бейіндік мектеп, колледж, бакалавриат, магистратура, PhD докторантура – сәттілікке бастар жол!
Қазіргі кездегі өзекті мамандықтар қатарына және еңбек сұранысына қажетті, бәсекеге қаблетті мамандықтарды ҚазҰУ-дың География және табиғатты пайдалану факультеті Картография және геоинформатика кафедрасы «Геодезия және картография» және «Геоинформатика» мамандықтарын даярлайды.
Даярлау бағытының коды және атауы
В073 Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс.
Білім беру бағдарламасының коды және атауы, 6В07301 – Геодезия және картография, 6В07302 – Геоинформатика.
Біздің мақсатымыз — Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін қабілетті мамандарды қалыптастыру. Әсіресе электронды карталарды құрастыруда заманауи ГАЖ технологияларын игеру, деректер базасын құру және оларды басқару, Қазақстанның цифрлық карталарын жасау және талдау. Сонымен қатар, қолданбалы геодезия міндеттерін шешуге арналған қазіргі заманғы электрондық тахеометрлер мен спутниктік навигация құралдарын пайдалану, оларды зерттеу, тексеру және түзету және ғарыштық суреттерді өңдеудің компьютерлік технологияларына негізделген картографиялау және модельдеудің аэроғарыштық әдістерін меңгеру.
Қазіргі кезде кафедра геоинформациялық жүйелер, сандық картография, Жерді қашықтықтан зерделеу, қолданбалы геодезия ғылыми бағыттарымен айналысады.
Картография және геоинформатика кафедрасының түлектері жыл сайын еңбек нарығында сұранысқа ие болып, мемлекеттік және жергілікті басқарудың, ғылымның, білімнің, бизнестің түрлі салаларында қызмет атқарып келеді, атап айтсақ «Қазақстандық ГАЖ және ЖҚЗ агенттігі» ЖШС, «2 ГАЖ қалалық ақпараттық сервис», «Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ, «Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор» РМҚК, «География институты» АҚ, ҚР ғарыш техникасы және технологиялар институты, «Ғарыштық зерттеулер институты» ЕЖШС, «ГИСХАГИ» РМК, «Қазгеокосмос» АҚ, «Гео инженеринг» ЖШС, «Гео-Алидада» ЖШС, «AquaPromStroi» ЖШС, «Leica Geosystems Kazakhstan» ЖШС.
Қазірден бастап бакалавриатқа түсу үшін Онлайн регистрация https://univer.kaznu.kz/abiturient_user/register/2 жасап, болашағы жарқын, сұранысқа ие біздің мамандықты таңдаңыз. Сізге оқуға түсу жолында сәттілік тілейміз және Сіздерді асыға күтеміз!

Әл-Фараби атындағы ҚазақҰУ
География және табиғатты пайдалану факультеті,
Картография және геоинформатика кафедрасының
аға оқытушылары Р.О.Турапова, Ү.Қ. Қожахметова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<