Үлкен өмірдің баспалдағы

428

0

Биыл бірінші рет оқу жылы маусымның алғашқы күні аяқталып, облыс мектептерінде соңғы қоңырау соғылды.  Жалпы 180 мыңға жуық оқушы тағы бір жылды қорытындылап, жазғы демалысқа шықты. Оның ішінде 15546 оқушы 9-сыныпты аяқтаса, 8210 түлек 11-сынып бітірді. Түлектердің 7421-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспақ. 9-сынып бітіргендер үшін қорытынды аттестациялау 2-13 маусым аралығында өтсе, 11-сынып бітірушілер үшін 5-19 маусым аралығында болады. Бітірушілерден 537 оқушы «Алтын белгіге», 915 түлек үздік аттестатқа үміткер болып отыр.

Бұдан бөлек, биыл 1-10 сынып аралығындағы 163399 баланың 100 мыңнан астамы жазғы тынығу лагерімен қамтылмақ. 7 маусымнан бастап аймақтағы 10 мемлекеттік және 3 жеке тынығу лагері жұмысын бастайды. Өңірдегі мектептердің барлығында мектеп жанынан күндізгі тынығу лагерьлерінің жұмысы ұйымдастырылып, онда 98 мыңға жуық оқушы қамтылмақ. Атап айтарлығы, 1326 бала жергілікті меценаттар мен кәсіпкерлердің демеушілігімен облыстан тыс жердегі лагерьлерде демалады.

Жазғы тынығу кезеңінде оқушыларға Сыр өңірінің тарихи орындарына және еліміздің басқа қалаларына, яғни, Астанаға, Байқоңыр ғарыш айлағы, Шымкент, Тараз қалаларына және Сауран, Сығанақ қалашығы мен Түркістан облысының киелі жерлеріне, Қорқыт ата ескерткішіне экскурсиялар мен арнайы турлар ұйымдастырылып, музейлерге 17300 бала саяхаттайды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<