Әлеуметтік жобалар: Жетістікке бір қадам

703

0

Жыл сайын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының бастамасымен, «Мархабат.KZ» Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен волонтерліктің 7 бағыты бойынша шағын гранттар байқауы өткізіледі. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар анықталған әлеуметтік жобалар қаржылай қолдау табады.

Қызылорда қаласында да волонтерлер қозғалысы өріс алды. Әлеуметтік және волонтерлік жобалармен тікелей айналысатын волонтер Бекматов Нұрасыл Жасұланұлы волонтерліктің 7 бағытының бірі «Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы бойынша шағын грант жеңімпазы атанды. «Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы қарттар үйлері мен халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне қарасты әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтардың тұрғындарын қолдауға бағытталған.

«Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасының «Қазыналы қартымыз» жобасы аясында жыл көлемінде волонтерлардың қатысуымен  «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік кеші, «Қарттарымыз – қазыналарымыз» атты мастер класстар, «Аман болсын қартымыз» атты кинокөрсетілім шаралары жалғасын табады. 

Байқау комиссиясының сарапшылары жобаларды талқылау барысында өтінімдер арасында қызықты идеялардың саны жоғары болғанын, алайда олардың көпшілігі іске асыру тұрғысынан соңына дейін пысықталмағанын атап өтті. Ұйымдастырушылар Бекматов Нұрасылды жеңімпаз деп таныды. Себебі; Нұрасыл ұсынған «Қазыналы қартымыз» жобасының мақсаты айқын, өзектілігі жоғары болды. Сондай-ақ, байқау комиссиясы қарт адамдарға көмек көрсету тақырыбы уақыт өте келе танымал бола бастағанына қуанды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<