Санитариялық-эпидемилогиялық бақылау: 400-ге жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді

480

0

Фото: Ашық дереккөз

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі. 

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен мемлекеттік қызметтердің 7 түрі бойынша қызмет көрсетіледі. Барлығы да «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметті беруші мен алушының тікелей байланысын шектеп, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.Мемлекеттік қызмет көрсету барысында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілері нормалары талаптарының сақталуы, мемлекеттік қызметтер көрсетуде заң бұзушылықтарға жол берілмеуі бақылауға алынған.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бойынша 2024 жылдың 6 ай қорытындысымен халықтардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсат құжаттарын алу үшін барлығы 794 өтініш берілген, оның 395-і қанағаттандырылып, рұқсат құжаттары берілсе, 399 құжатқа дәлелді бас тартулар ұсынылған.

Өткен мерзіммен салыстырғандағы көрсеткіштер мемлекеттік қызметтерді алушылар қатарының артқандығын көрсетеді. Басым көпшілігі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру бойынша жүгінген.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мемлекеттік қызметті алу кезінде қызметкерлер тарапынан қандай да бір кедергілер орын алған жағдайда 23-70-22 сенім телефонына хабарласуға болатындығын қызмет алушылардыңназарына жеткіземіз.

Ерлан Ұзақбаев

Қызылорда облысының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<