Құрылтай

Оқу жылына дайындық пысықталды

3

0

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жаңа оқу жылына дайындық мәселелері қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте басты назарда болуы тиіс мәселелер жан-жақты талқыланды.

Санаулы күннен кейін бас­талатын жаңа оқу жылына бар­лық қажетті шаралар қабыл­да­нып, дайындық жұмыстары жү­йелі жүр­гізілуі қажет. Қала жә­не аудан әкімдіктері 20 та­мыз­ға дейін білім беру ұйым­да­ры­ның дайындығын толық қам­­та­масыз етіп, жөндеу жұ­мыс­тарын тез арада аяқтауы тиіс. Осындай міндет жүктеген облыс әкімі оқу жылындағы өзекті мәселенің бірі – оқу­лық­тармен, оқу-әдістемелік құрал­дар­мен қамту екенін де еске салды.

– Бұл жұмыстар да сапалы ұйымдастырылып, оқулықтарға қатысты шағым түспеуі қажет. Тағы бір маңызды міндет – бала­ларымыздың мектепке дайын­ды­ғы. Өздеріңіз білетіндей, жыл сайын «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылады. Мемлекеттік мектептерде білім алатын, бірақ тиісті көмекпен қамтылмай қал­ған көпбалалы, тұрмысы төмен отбасы балаларына қажетті көмек көрсетілуі тиіс. Ал жеке мектептерде оқитын көмекке мұқтаж оқушылардың мәселе­ле­рін демеушілер есебінен ше­шуі­міз қажет. Сондай-ақ жаңа оқу жылы қарсаңында базар­лар­дағы, сауда орындарындағы оқу құрал­дары, мектеп формасы баға­сының негізсіз өсуіне жол бермеу керек. Жергілікті кәсіп­керлердің жәрмеңкелерін тұ­рақ­ты өткізіп, оқу құралдарының жеңіл­дікпен сатылуын ұйым­дас­тырыңыздар, – деді аймақ басшысы. 

Облыста 651 мектепке дейінгі ұйым, 327 мектеп, 28 колледж бар. Жаңа оқу жылында 1-11 сынып оқушыларының саны 190 мыңнан асады. Ал биыл бірінші сыныпқа 17700 бала қабылда­нады. Құжат қабылдау осы жыл­дың 31 тамызына дейін жалға­сады. Өңірдегі 63 қосымша білім беру ұйымында 70 мыңға жуық оқушы қамтылған. Жақында пайдалануға берілген «AI-Kerim» оқу-сауықтыру орталығы мен Ботаникалық бақ жыл бойы жұмыс істейді.

Мәжілісте білім беру ұйым­дарындағы қауіпсіздік талап­та­рын сақтау мәселесі де қаралды. Облыс әкімі бейнебақылау каме­ра­ларын Жедел әрекет ету орта­лығына толық қосу, санитарлық, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша нақты тапсырма берді.

– Оқушылардың қауіпсіздігі үшін мектеп маңында жол поли­циясы инспекторларының күнде­лікті кезекшілігін ұйымдас­ты­рыңыздар. Әсіресе, оқушы саны мен көлік қозғалысы көп мектеп­тер аумағындағы қауіпсіздікті күшейту қажет. Жаяу жүргін­ші­лер жолы, жол белгілеріне қатыс­ты кемшіліктер бар. Қала, аудан әкімдіктері, 25 тамызға дейін аталған кемшіліктерді тез арада ретке келтіріңіздер. Кейінгі үш жылда білім беру ұйымдарын инженерлік, техникалық жаб­дық­тармен жарақтауға жергілікті бюджеттен тиісті қаржы бөлінді. Балаларымызға қауіпсіз, қолайлы орта қалыптасып, бейнебақылау камералары, турникеттер орна­тылды. Ендігі мақсат – оқу­шы­лар­дың құқықтық сауатты­лығын арттыруға бағытталған құқық­тық тәрбие беру жұмыс­тарын ұйымдастыру, – деді облыс әкімі.

Жиында облыстық білім бас­қармасының басшысы Асқарбек Есжанов баяндама жасап, жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы айтты. Мәжілісте суға шо­мылу маусымындағы қауіп­сіз­дік шаралары, алдағы жылу беру маусымына дайындық жа­йы да талқыланып, қала, аудан әкім­­дері мен жауапты сала бас­шы­ларына тиісті тапсырма жүк­телді.

«СБ» ақпарат