Өзбекстандағы кезектен тыс президент сайлауы: дауыс беру аяқталды

313

0

Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауында дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сағат 20:00-де дауыс беру ресми түрде аяқталды. Комиссия мүшелері дауысты санауға кірісті.

ОСК мәліметінше, уақыт белдеуін ескере отырып, АҚШ пен Еуропа елдеріндегі шетелдік сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі жалғасып жатыр. ОСК-ның соңғы жариялаған мәліметі бойынша, сағат 17:00-де президент сайлауына сайлаушылардың 69,85 пайызы қатысқан. Сайлаудың алдын ала қорытындысы ертең, 10 шілдеде белгілі болады.

Бұған дейін Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатқаны туралы хабарланған болатын. Сағат 11.00-дегі жағдай бойынша дауыс беруге сайлаушылардың 33 пайыздан астамы қатысты. Соған байланысты сайлау өтті деп танылды.

Сайлауға төрт үміткер қатысып жатыр. Оның ішінде қазіргі президент Шавкат Мирзиеев та бар. Сайлауда жеңіске жету үшін кандидат 50 пайыздан астам дауыс жинауы керек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<