Танымал футболшы қайтыс болды

392

0

Әйгілі испандық футболшы Луис Суарес Мирамонтес қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz sports.ru сайтына сілтеме жасап.

Ол 88 жасында көз жұмған. Мирамонтес өз мансабында «Депортиво», «Барселона», «Интер» мен «Сампдория» сапында өнер көрсетті.

Луис Суарес Мирамонтес 1960 жылы «Алтын доп» иегері атанды. Ол – бұл таласта Ференц Пушкаш пен Уве Зеелерден озып, аталған жүлдені жеңіп алған «Барселонаның» тұңғыш ойыншысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<