Облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығының директоры тағайындалды

906

0

Облыстық білім басқармасы басшысының 2023 жылғы 26 шілдедегі №150-ЖҚ/1 бұйрығымен «Дарын» облыстық қосымша білім беру коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры лауазымына Ниязова Баян Бақытжанқызы тағайындалды.

Баян Бақытжанқызы 1978 жылы 19 қарашада Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. 1995-1999 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Қызылорда қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы №222 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 2009-2019 жылдар аралығында аталмыш мектепте мектеп директорының орынбасары қызметін атқарған.

2019-2023 жылдар аралығында осы кезге дейін Қазалы ауданындағы Қ.Күлетов атындағы №92 орта мектебінің директоры қызметін абыроймен атқарып келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<