Елімізде 100-ден астам бала жасы келсе де мектепке бармаған

487

0

Сурет ашық дереккөзден

Биыл оқу жылына дайындық барысында жасы толып, бірақ мектепке бармау бойынша 105 факті тіркелді. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында «Жаңа оқу жылына дайындық барысында жасы толған балалардың мектепке бармауы бойынша қанша факті тіркелді?» деген сауал қойылды.

«Министрліктің білім беру ұйымдары туралы бұйрығына сәйкес, орта білім беру мекемелері осындай фактілер анықталса, тиісті шаралар қабылдауы керек. Бүгінгі таңда балалардың мектепке бармауының 105 фактісі тіркелді және ол бойынша министрлік жұмыс жүргізіп жатыр. Сонымен қатар ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Егер ол балаларға қатысты қандай да бір қиындықтар мен проблемалар болса, мәселе әлеуметтік қызметтермен бірлесіп шешіледі», – деп жауап берді Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан аталған сауалға.

Айта кетейік, «Мектепке жол» республикалық акция аясында 450 мың мұқтаж отбасы балаларына көмек берілді.

Сондай-ақ, брифинг барысында Абай облысындағы орман өртінен зардап шеккен отбасы балаларына қаржылай көмек бөлінгені айтылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<