Өзекті мәселелер талқыланды

279

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аймақтағы өзекті мәселелер талқыланған жедел мәжіліс өтті.

Жиында қоғамдық-саяси ахуал, вегетациялық кезеңнің түйткілдері, білім саласының жаңа оқу жылына дайындығы, жылу беру маусымына дайындық мәселелері қаралды. Жауапты сала басшылары хабарлама жасап, атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Аймақ басшысы егін жинау науқанын өткізу, жаңа оқу жылына тиянақты әзірлік шараларын ұйымдастыру және жылу беру маусымын кедергісіз бастау бойынша бірқатар тапсырма берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<