Әлеуметтік нысандарды аралады

344

0

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен баспасөз туры өтті. Онда облыс орталығында салынып жатқан жаңа көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар құрылысы таныстырылды. 

Сол жағалауда 7 қабатты тұрғын үйлер салынып жатыр. Мамандардың айтуынша, келер жылы ел игілігіне беріледі. Бір тұрғын үйдің ауданы 6 213,9 шаршы метрді құрайды.

Тұрғын үй құрылысына жауапты мердігерлер ретінде «Аман Құрылыс», «Орион ЛТД», «Риголит», «Промстройсервис.Е», «Абу-Сер» ЖШС бекітілген.

Сол жағалаудың №2 шағын ауданында ипотекалық 10 тұрғын үйдің де құрылысы жүріп жатыр. Бұл тұрғын үй кешені «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерген. Мұнда жалпы ауданы 30 мың шаршы метрге жуық 470 пәтер құрылысы жүргізілуде.

Ал Тасбөгет кентіндегі денешынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылғанда 100 адамға дейін толық қамти алады. Мұнда қажетті спорт үйірмелері іске қосылмақ.

– Қазір облыс орталығында көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар бойынша құрылыс жұмыстары өте қарқынды. Әрбір нысан тиісті санаттар бойынша халыққа табысталады. Тасбөгет кентіндегі денешынықтыру-сауықтыру кешені жыл аяғына дейін пайдалануға берілмек. Ал осы нысандардың сапасы жөнінде талап күшті екенін өздеріңіз жақсы білесіздер, – дейді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Айдын Әнуар.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<