Қонаев қаласындағы кездесу

280

0

Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласына ұлт зиялысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевтың есімі берілгені ел тарихындағы ерекше оқиғаның бірі болғаны рас. Бүгінде қалада рухани-танымдық бағыттағы іс-шараларға басымдық берілген. Сондай келелі жиынның бірі – Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі,  Мәдениет қайраткері, Арал, Қазалы аудандарының құрметті азаматы  Бегімбай Ұзақбаевтың  «Байқазақ» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен жүзеге асырылған «Тарихтан тағылым тұтқан қаламгер» атты әдеби-танымдық іс-шараның мақсаты – екі өңір арасындағы мәдени, рухани байланысты нығайтып, қалам иелерінің қажырлы еңбегін насихаттау.

Жиында жазушы Б.Ұзақбаевтың жуырда оқырманға жол тартқан «Байқазақ» атты кітабының мазмұны жайлы сөз қозғалды. Қаламгер еңбегіне филология ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Мырзаберген Малбақұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жұмахан Қожамқұлов, Алматы облысы Ардагерлер ассамблеясының төрағасы Амангелді Беспаев, Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, композитор Төлеужан Ғұмар сынды ғалымдар мен шығармашылық өкілдері ой-пікірлерін білдірді.

Ақын, «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы облыстық филиалының төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қызметкері Ізтілеу Тойшыбайұлы және бірқатар қаламдастары кітап авторын құттықтады.

Жазушы Бегімбай Ұзақбайұлының «Жалаңтөс», «Сартай батыр», «Байзақ», «Марал баба», «Сопы әзіз», «Алдаспандар рухы» «Қарабура», «Байқазақ» тарихи романдары және 17 прозалық кітабы Сыр өңірі руханиятына салынған сүбелі олжа болды. Айта кетейік, биыл 75 жасқа толған мерейтой иесін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қабылдап, Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<