Партия фракциясының отырысы

321

0

«AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Мәжілісінде партия фракциясының жиналысын өткізді.

Отырыста еліміздегі отбасы, ана мен бала құқығын қорғаудың қазіргі жағдайы талқыланды. Сондай-ақ жұртшылықпен бірлесіп әзірлеген балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жаңа заң жобасы таныстырылды.

Аталған жиынға партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары А.Жарылқасынов және фракция мүшелері мен тиісті кеңес төрағалары бейнебайланыс арқылы қатысты.

«TALQYLAU» АЛАҢЫ

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының «TALQYLAU» диалог алаңында Президент Жолдауынан туындайтын міндеттер талқыланды.

Ашық пікірталас алаңына партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Л.Төрешова, «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы С.Биқожа, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, «Қызылордасушар» өндірістік учаскесінің басшысы Ж.Нұрымбетов және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің экономика және құқық институты директоры Н.Құлмырзаев спикер ретінде қатысып, экономикалық даму мен саяси реформалар жайлы пікірлерін ортаға салды.

КӨШПЕЛІ ЖИЫН

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның облыстық филиалында «AMANAT» партиясы жанындағы республикалық Партиялық бақылау комитетінің көшпелі отырысы өтті.

Жиынға партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары А.Жарылқасынов, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Н.Бақытбекұлы және тиісті сала басшылары бейнеконференция арқылы қатысты.

Көшпелі отырыстың күн тәртібіне сәйкес орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары – партия мүшелерінің халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету процесін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс сараланды.

РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯҒА ӘСЕРІ

Облыстағы радиоактивті қалдықтардың экологияға әсері жайлы «AMANAT» партиясы жанындағы аймақтық экологиялық кеңес отырысында қаралып, талқыланды.

Жиынға партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары А.Жарылқасынов, аймақтық кеңес төрағасы Ж.Нұрымбетов, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің жедел уәкілі Е.Мырзакәрім және уран өндіруші мекемелер басшылары, кеңес мүшелері мен эколог мамандар қатысты.

Алдымен кеңес төрағасы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттер жайын атап айтты.

Жиын барысында өңірімізде уран өндіруші «Байкен-U», «РУ-6», «Қызылқұм», «Семизбай U» мекемесі басшыларының азаматтар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы есебі тыңдалды. Кеңес отырысына ұсынылған мәселелер хаттамаға енгізілді.

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

Облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері А.Рахметов,  Е.Искендер және  облыс бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы В.Мұстаяпова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өткізіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Қабылдауға келген азаматтарға заңнамалар аясында кеңестер беріліп, кейбір тұрғындардың тұрмыс ахуалына байланысты әлеуметтік көмек көрсетілді.

Сондай-ақ «Құқықтық көмек» жобасы аясында облыстық филиалдың заңгері С.Алшынбеков түсіндірме жасады.

Жалпы апта ішінде қоғамдық-саяси 64  іс-шара ұйымдастырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<