Қазан айында елімізде күн райы қандай болады

306

0

Сурет: Zakon.kz

Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылдың қазан айына арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, айдың басында атмосфералық фронттардың жиі өтуімен жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің екпіні 15-23 м/с күшейеді, 3-4 қазанда республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады, түнде таулы аймақтарда жаңбыр соңы жылбысқы қарға айналуы мүмкін. Тек кей күндері ғана республика бойынша күн жылы әрі ашық болады.

Бірінші онкүндікте ауа температурасы мына өңірлерде жоғарылайды деп болжанды:

  • батыста түнде +3+8°С-тан +7+12°С-қа дейін, күндіз негізгі фон +20+27°С;
  • оңтүстік-батыста түнде +7+15°С-тан +12+17°С-қа дейін, күндіз +22+27°С-тан +24+29°С-қа дейін;
  • республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, шығысында түнде 0,+7°С-тан, жекелеген аудандарда 3 градус аяздан +5+12°С-қа дейін, күндіз +10+15°С-тан +17+22°С-қа дейін;
  • елдің оңтүстігінде негізгі фон түнде +5+13°С, күндіз +20+25°С-тан +25+30°С-қа дейін жоғарылайды;
  • ҚР оңтүстік-шығысында ауа температурасының түнде +5+13°С-тан +3+9°С-қа дейін, күндіз +18+25°С-тан +13+21°С-қа дейін, таулы аудандарда түнде 0,-5°С-тан 0,+5°С-қа дейін, күндіз +5+10°С-тан +10+15°С-қа дейін ауытқуы күтілуде.

Онкүндіктің соңында күндізгі ауа температурасы мына өңірлерде төмендейді деп болжанды:

  • еліміздің солтүстік жартысында +8+13°С-қа дейін, оңтүстік өңірлерде +17+25°С-қа дейін,
  • оңтүстік-шығыс аймақтарда керісінше +22+27°C-қа дейін жылынады.

Екінші онкүндіктің басында елдің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Айдың ортасында бұлтсыз ауа райы және температураның жоғарылауы күтіледі.

«Айдың соңында республиканың барлық аумағында суық ауа райының кезекті толқыны болжанады, жаңбыр, жылбысқы қар, тұман мен көктайғақ құбылыстары, екпінді жел болжанады».«Қазгидромет» РМК

Ауа температурасы төмендейді:

  • батыс өңірлерде түнде -5-10°С-қа дейін, күндіз +15+20°С-тан +3+8°С-қа дейін;
  • республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнде 0,+5°С-тан -7-12°С-қа дейін, күндіз +11+16°С-тан -3-8°С-қа дейін;
  • ҚР оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде +7+12°С-тан -2-7°С-қа дейін, күндіз +18+23°С-тан +5+10°С-қа дейін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<