Еліміз бойынша 2 қазанға арналған ауа райы болжамы

402

0

Сурет: pxhere

«Қазгидромет» РМК 2 қазанға арналған синоптикалық жағдай мен Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады деп күтіледі.

«Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс өңірлерде, еліміздің орталығында атмосфералық бөліктердің жүруіне байланысты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республикамыз бойынша тұман көрініс тауып, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде, күндіз еліміздің орталығында екпінді жел тұрып, күндіз орталықта бұршақ жауады деп күтіледі», – делінген «Қазгидромет» РМК ұсынған мәліметте.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының батысында топырақ беті қатып, сынап бағаны 1-2 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп болжанады.

Түркістан өңірінде, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл, Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, солтүстік-батысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<