Тауарлар тұтынушысын тапты

357

0

Астана қаласында өткен Қызылорда облысы тауарөндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі елордалықтар арасында ерекше қызығушылық туғызды. Арқа төріндегі айтулы шараға Сыр өңірінің брендіне айналған күріш, ет өнімдері, балық пен ас тұзы, қауын-қарбыз, ұлттық сусындар секілді 50-ден астам өнім түрлері жеткізілген болатын.

– Жәрмеңкеге Қызылорда қаласы мен барлық ауданнан тауар өндірушілер, «Байқоңыр ӘКК» акционерлік қоғамының өкілдері белсене атсалысты. Аймақтағы 100-ге жуық тауарөндірушілер өз өнімдерін 80 көлікпен елордаға алып барды. Олардың жалпы құны – 270 млн теңгеге жуық. Нәтижесінде астаналық тұрғындарға 600 тоннадан астам өнім ұсынылды, 300 тонна күріш, 80 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 180 тонна бақша өнімдері, сондай-ақ ас тұзы, сүт және кондитер өнімдері тұтынушыларға сатылды, – деді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев.

Жәрмеңкеде тұрғындардың Сыр өнімдеріне сұраныс өте жоғары екені байқалды. Өнім бағасы базардағыдан 15-20 пайызға арзан болды.

– Өткен жылдарда көпшіліктің күріш, балық және өзге де өнімдерге сұранысы зор екенін аңғардық. Сондықтан биыл осы өнімдерді молайтуға мән бердік. Жеткізілген ауыл шаруашылығы тауарларының барлығы тұтынушысын тапты,  –  деп толықтырды басқарма басшысы.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<