Құрылтай

Басты мақсат – сайлаушылардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау

37

0

– Әділбек Бөрібайұлы, Құрылтай сайлауына санаулы күн қалды. Маңызды саяси науқанға Қызылорда өңірінің дайындығы қалай?

– Президент Жарлығымен 23 тамызға бекітілген Құрылтай сай­лауы еліміз үшін аса маңызды саяси науқан. 54 күнді қамтитын электо­ралдық кезең ҚР Орталық сайлау комиссиясымен бекітілген Күнтіз­белік жоспарға сай жүргізілуде.

Аймақта 9 аумақтық, 386 учас­келік сайлау комиссиясы құрылып, 2783 комиссия мүшесі жұмыс жа­сауда. Барлық комиссиялар кезек­ші­лік кестесіне сай сайлаушылардың сауалдарына жедел жауап беруге дайын.

Науқан аясында Қызылорда қа­ласында 7 учаске, Қазалы және Шие­лі аудандарында 1 жаңа учаске ашылып, қажетті құрал-жабдық­тар­мен қамтамасыз етілді.

Дауыс беру күні барлық комис­сия мүшелеріне сайлау­шылар тізі­мімен жұмыс, бюллетень беру, бай­қаушылар мен сенім білдірілген адамдармен заң шеңберінде жұмыс жүргізуге қажетті алгоритмдер тү­сіндірілді.

Мүгедектігі бар дауыс берушілер үшін арнайы бұрыштар және қажет­ті трафареттер мен аудиороликтер жеткізілді. Дауыс беру күні 67 ин­ватакси сайлаушыларға қызмет ете­ді.

– Комиссия мүшелерінің білім деңгейі қандай? Оқыту жұмыста­рына қаншалықты мән берілді?

– Облыста 2720 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі бар. Олар­дың 95 пайызы тәжірибелі, бірқатар науқандарды кәсіби түрде атқарып жүрген мамандар деуге болады. Әлбетте, оқытуға баса мән берілді.

Комиссия мүшелерін білімін жетілдіруге арналған көшпелі оқыту семинары барлық аудандарды қам­тыды. Облыста 1344 комиссия мү­шесі арнайы оқытудан өткізілді. Әрі қарай каскад әдісімен 1376 комиссия мүшесі білімдерін арттыруда. Ко­мис­сияға жаңадан келген 140 ма­манға талдау жүргізіп, оларды оқы­туға ерекше екпін берілді.

Оқытуға бөлінген уақыттың 30%-ы теорияға және 70%-ы практикалық әдістерге (рольдік ойындар, кейс-тесттер, квиз-ойындары, кейстік жағ­дайларды талдау, т.б.) арналды. Сонымен қатар, комиссия мүшеле­рінің білімі ON-тест жүйесі арқылы тексерілді.

– Сайлаушылар нені білуі керек?

– Өңірде 500 591 азамат сайлау­шылар тізіміне енгізілді. Қазіргі таңда учаскелер сайлаушылардың есептен шығару және үйден дауыс беру сынды сұраныстарына сай қыз­мет етуде. Бүгінгі күні облыста 134 тұрғын есептен шығару куәлігін алды.

Тұрғындарымыз өз учаскесін «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тек­сер» атты платформа арқылы үйден шықпай-ақ көре алады. Мұны жер­гілікті әкімдікпен бірлесіп атқардық.

saylau.orda.gov.kz платформа­сы­ның көмегімен 70 мыңға жуық сай­лаушыларымыз өз учаскесін тапты. Бұл платформа «Смарт Қызылорда» мобильді қосымшада және телеграм (sailau_kzoBot) желісінде қолже­тімді.

Сонымен бірге 193 учаскеде онлайн сервистер жұмыс істеп тұр. Бұл учаскелер сайлаушылардың ЖСН-і арқылы оның қайда тіркел­гендігін анықтап бере алады.

Маңызды мәселенің бірі ретінде айтарым, дауыс беру күні тізімде жоқ азаматтарды уақытша тіркеумен айналы­сатын 5 арнайы учаске жұ­мыс істейді. Мұнда халыққа қыз­мет көрсету орталығының мамандары тұрғындарды уақыт­ша тіркеп, дауыс беруіне мүмкіндік жасайды.

Мұнан бөлек аймақта 109 бі­рыңғай байланыс орталығы және 8 call-орталық тұрақты түрде қосулы.

23 тамыз күні дауыс беру 07.00-ден 20.00-ге дейін жүргі­зіледі. Бі­рақ Қызылорда қаласындағы 6 учас­кеде заңнамада көзделген тәр­тіппен дауыс берудің басталу уақы­ты таңғы 6-дан бастап белгі­лен­ді. Бұл учаскелер әскери бөлім мен 5 кен орындары. Тиісті қаулы қабылданды.

Барлық сайлаушыға шақыру қа­ғаздары таратылып, смс хабар­лама­лар жөнелтілді. Қазіргі таңда науқанға әзірліктің соңғы сәттеріне келдік. ҚР Орталық сайлау ко­мис­сиясынан бюллетеньдер келді. Енді оны ау­мақтық сайлау комис­сиялары күзет қызметімен бірге учаскелерге та­быстайтын болады.

Жалпы сайлау комиссиясы мүше­лері сайлаушылардың дауыс беруін ұйымдастыруға дайын.

Сұхбаттасқан

Е.ДӘУІР