Құрылтай

Сайлау учаскелерінің дайындығы пысықталды

4

0

Фото: Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікеновпен бірге Тереңөзек кентіндегі және елді мекендердегі сайлау учаскелерінің дайындығын пысықтады.

Аудан басшысы сайлау учаскелерін аралау барысында олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін, материалдық-техникалық жабдықталуын және сайлаушыларға қажетті жағдайлардың жасалуын тексерді.

Қазіргі таңда аудан бойынша 18 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Аталған учаскелерде барлығы 22 089 сайлаушы тіркелген. Бүгінде сайлау учаскелерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, тиісті ақпараттық материалдарды орналастыру және сайлау процесін талапқа сай ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар жүргізілуде.

Аудан басшысы жауапты сала басшылары мен учаскелік сайлау комиссияларына сайлау күніне дейін барлық ұйымдастыру жұмыстарын толық аяқтап, учаскелердің талапқа сай дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ сайлау барысында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың өз таңдауын еркін жүзеге асыруына барлық қажетті жағдайды жасау маңызды екенін атап өтті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі