Азиада жүлдегерлері қанша сыйақы алады

374

0

Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында топ жарған спортшылар медалі үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азиада жеңімпаздары 10 000 доллар, күміс жүлдегерлер 5 000 доллар, қола жүлдегерлер 3 000 доллар алады. Жаттықтырушыларға 5 000, 3 000 және 2 000 доллар беріледі.

Командалық жарыстарға қатысқан спортшыларға жеке төлемдер қарастырылған.

Қазақстан биылғы Азия ойындарында 80 медаль жеңіп алды: 10 алтын, 22 күміс, 48 қола.

Азия ойындарында Қазақстан қоржынына соңғы медальді Мөлдір Жаңбырбай cалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<