Дүние дүрмек

274

0

Алты жылда 43 млн бала

БҰҰ-ның Балалар қоры 2017 жылдан бергі статистиканы жинақтап, соңғы 6 жылда климаттық апаттар салдарынан 43 миллионнан астам бала үйлерін тастап кеткен деген қорытындыға келді.

Балалардың қоныс аударуына негізгі себептер – дауыл мен су тасқыны. Климаттың өзгеруіне байланысты бұл табиғи апаттар жиі орын алып, олардың қарқыны да артып келеді.

Бұған қоса, болашақта жағдай айтарлықтай нашарлай түсетіні шамаланып отыр. Ұйымның болжамына сәйкес, өзендердің арнасынан тасуынан алдағы 30 жылда 96 млн бала үйлерін тастап кетуге мәжбүр болуы ықтимал.

Халықаралық ұйымның пікірінше, бұл мәселенің оңай шешімі жоқ. Білім деңгейін көтеру, табиғи апаттардың алдын алу және балаларға гуманитарлық мәселелер мен климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы саясатта ерекше орын беруді қоса алғанда, кешенді шаралар қажет, деп атап өтті ЮНИСЕФ.

Көне жәдігер қалпына  келтірілуде

Түркияның ежелгі Перре қаласында жердегі ерекше мозаиканы қалпына келтіру жұмыстары басталды. Бұл туралы тілшілерге Адыяман қалалық мұражайының директоры Мехмет Алкан айтты.

Көне жәдігерге 1800 жыл болған. Мехмет Алканның айтуынша, мозаика біздің заманымыздың ІІІ ғасырына жатады.

Перре – көне қала. Қаланың қалдығы Түркияның оңтүстік-шығысындағы қазіргі Адыяман провинциясында орналасқан.

Таулар да аласарады

Еуропадағы ең үлкен таудың биіктігі 4 805,59 метрге дейін аласарды. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 2,22 метрге төмен. Ресми деректер бойынша, енді оның биіктігі – 4 805,59 метр.

 «Бұл жағдайға жазда жауын-шашын мөлшерінің аздығы әсер етуі мүмкін және бұл құбылыс бұрыннан байқалып келе жатыр» деп атап өтті Шамонидегі баспасөз конференциясында Жоғарғы Савойя геодезия қызметінің басшысы Жан де Гаре.

2017 жылы тау сілемі аумағында орналасқан үш ел – Франция, Италия мен Швейцария оны UNESCO әлемдік мұра тізіміне енгізуді ұсынды.

Алып жылан қайдан келді?

Мысық пен басқа да жануарларды азық ететін алып альбинос жылан бірнеше айдан бері америкалық Оклахома штаты астанасының тұрғындарын үрейде ұстап отыр.

Питонды ұстау үшін жалдаған мекеме өкілі телеарнаға питон опоссум, егеуқұйрық пен мысықтарды азық ететінін айтты.  Бұл – питон тұқымдасы ішіндегі уы жоқ жылан. Олар құрбанын толықтай жұтар алдында тұншықтырып алады.

Жыланның қайдан келгені белгісіз. Үйде асырауға өте ыңғайлы питонды иесі шығарып жіберген немесе өзі қашып кеткен болуы мүмкін. Аудан тұрғындарының сөзінше, жыланның көлемі жаз басынан бері екі есе өскен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<