Тұрғындармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады

348

0

🔹Бүгін Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимовтың халықпен кездесулері Аққыр ауылдық округінен басталды. Тақтайдай түзу жолдың игілігін көрген ауыл тұрғындары Аққыр бағытындағы күре жолдың күрмеулі мәселесінің шешілгеніне дән риза.

Дегенмен, аудан әкімі ауылда кезең-кезеңімен шешімін табатын, ішкі көшелер мен ауылдық клуб мәселесі бар екенін жеткізді.

🔹Сондай-ақ, Ардақ Ибраимов ескірген клуб ғимаратының қазіргі қал-ахуалымен танысып, сала бойынша жауапты аудан әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетовке жоба сметалық құжаттар бойынша жұмыс жасауды тапсырды.

🔹Елді мекендердегі мәселелердің мән-жайын көзбен көріп, тиісті ұсыныстарға сәйкес жасалған жұмыс жоспарына, Жаңаталап ауылындағы ауылдық клуб пен ауыз су құбырының мұнарасын жаңарту жөнінде ұсыныстар енгізілді.

Бұл тұрғыда ескі ауыз су мұнарасын жылдам ауыстыру үшін демеушілер арқылы шешім қабылданатынын жеткізді.

🔹Аудан әкімі Ардақ Әбдіғаппарұлының ауыл тұрғындарымен кездесуі Т. Жүргенов ауылында жалғасты. Биыл өз заманының даңқты тұлғасы Темірбек Жүргенов атындағы саябақ ашылды. Саябақты абаттандыруға аудандық бюджеттен 67 млн. теңге қаржы бөлінді. Сүйінші жаңалыққа толы мекеннің халқы аудан әкімінің жұмысына сәттілік тілеп, елдің батасын берді.

Сондай-ақ аудан әкімі Темірбек Жүргенов атындағы жаңа саябақпен танысып, ауыл әкіміне мемлекеттен қолдау тапқан жобаларды ұқыпты жүзеге асыру қажеттігін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<