Заң үстемдігі және жемқорлықсыз қоғам

534

0

Фото: ашық дереккөз

«Адалдық – ардың ісі» дейді халық даналығында. Мемлекет пен қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруы тиіс. Сонда ғана еліміздің өркендеген мемлекеттер қатарына қосылуына даңғыл жол ашылмақ. Жуырда «Әділетті Қазақстан: заң үстемдігі және жемқорлықсыз қоғам» тақырыбында А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде облыстық форум өтті.

Форумға облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ерлан Бәкіров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстары мен құқықтық қоғамды қалыптастыруға үлес қосқан бірқатар азамат облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Халықтың құқықтық сауаттылығын, ақпараттық түсіндіру жұмысының қарқыны мен сапасын арттырудың маңызы зор. Осы мақсатта ұйымдастырылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жолдары» тақырыбындағы мақала байқауының үздіктері марапатталды.

Байқау қорытындысымен «Қайсар» футбол клубының баспасөз хатшысы Ерасыл Шәрібек ІІІ орынға лайық деп танылды. Жүлделі ІІ орын Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы Ақтөре Ибрагимұлына табысталды. І орын Шиелі аудандық «Өскен өңір» газетінің штаттан тыс тілшісі Айнұр Назароваға бұйырса, бас жүлде және 400 мың теңгенің сертификаты Жаңақорған ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Бәкіровке берілді.

– Сыбайлас жемқорлықпен күрес – бәрімізге міндет. Бұл індет мемлекетті ішінен жояды, жетістіктерді жоққа шығарады. Әрбір қазақстандық болашағының жарқын болғанын қаласа, жемқорлықпен күрес бүкілхалықтық іс екенін сезінуі тиіс, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары А.Ашиков.

Тұрар Бекмырзаев,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<