Республикалық кеңес отырысы

645

0

сурет ашық дереккөзден

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу төңірегіндегі мәселелер өңірлік даму жөніндегі республикалық кеңестің отырысында қаралды.

Жиынға облыс әкімінің орынбасары Данияр Жаналиев, партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, аймақтық кеңес төрағасы Қожахмет Ильясов, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Ерсайын Мұзафар бейнебайланыс арқылы қатысты.

ОТБАСЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

«Бақытты отбасы» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін әлеуметтік көмек және олардың құқықтарын, мүмкіндіктерін іске асыруға кедергі келтіретін мәселелер жайы партияның облыстық филиалы жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кеңес отырысында қаралды.

Отырысқа партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, кеңес төрағасы Райкүл Байназарова, фракция мүшесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Мақсұт Нәлібаев, фракция мүшесі, облыстық әкелер кеңесінің төрағасы Ержан Іскендір және кеңес мүшелері мен тиісті сала мамандары қатысты. Ерекше балаларды қоғамға тарту үшін білім беру, медициналық және әлеуметтік көмек көрсету сияқты қызметтерге қолжетімділіктің маңызы туралы талқыланды.

ЕКІ АУДАНДАҒЫ МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУ

Облыстық филиалдың мобильді қоғамдық қабылдау тобы Жалағаш ауданына қарасты Ақсу және Сырдариядағы  С.Сейфуллин ауылы тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Қос ауылда өткен қабылдауда клуб салу, елді мекенге газ құбырын тарту, ауылдың ішкі көшелерін жөндеу, мемлекеттік балабақша, тұрғын үй құрылысын салуға  жер учаскелері, балаларға арналған ойын алаңы және кәсіпкерлік мақсатта несие алу, жер мәселесі, газдандыру жобасына 2024 жылға қаржы бөлу, жұмыспен қамту мәселелері көтерілді.

Сондай-ақ, қабылдауда жеке мәселелері бойынша жүгінген тұрғындарға тиісті сала өкілдері тарапынан заң аясында кеңестер мен сұрақтарға жауап берілді.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАЛАЙ?

«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының депутаттық фракция отырысы өтті. Жиынға қала әкімі Асылбек Шәменов, қалалық филиал депутаттық фракциясы төрағасының орынбасары Раушан Ысқақова және фракция мүшелері мен дербес бөлім басшылары қатысты.

Қалаға қарасты іс-шараларының орындалу барысы бойынша қала әкімі баяндама жасады.

Отырыста фракция мүшелері бірқатар ұсыныс айтып, пікір білдірді.

БАЛАБАҚША ҰЖЫМЫНЫҢ АЛҒЫСЫ

Былтыр Қазалы қаласында 140 орындық «Өрімтал» балабақшасының жаңа ғимараты пайдалануға берілген болатын. Заманауи балабақша ғимаратының ауласын көркейту-көгалдандыру жұмыстары мен ерекше безендірілуін ұжым болып қолға алған. Дегенмен мұндағы тынымсыз еңбектің нәтижесін көру үшін аяқсумен жеткілікті қамтамасыз етудің маңызы зор.

Мекеме меңгерушісі Рабиға Қарымсақова аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Кәдір Ардақ Нартайұлының жеке қабылдауында болып, еккен көшеттер мен гүлдерді өсіру үшін көлік жалдап су тасып жүргендерін алға тартып, мәселенің шешілуіне ықпал жасауды сұраған.

Халық қалаулысы арық және құдық қаздырып, өтініштің орындалуына ықпал жасады. Мұнан бөлек аталған ғимараттың жылу мәселесіне орай туындаған шаруаны да шешіп, ұжымның алғысына бөленді.

ПАРТИЯ АЛАҢДАРЫНДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ

Жұмыс аптасында Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменов, Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев бекітілген кестеге сәйкес партия алаңдарында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауда азаматтар тұрғын үй, тұрақты жұмыс, көше атауын беру және жол жөндеу туралы мәселелер көтерді.

Өз кезегінде әкімдер әр тұрғынның сауалына заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, алдағы уақытта тұрғындардың мәселелері бақылауда болатындығын айтып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<