Онжылдық және жаңа қадам

572

0

«Болашақ» жоғары медициналық колледжі өркендеп келеді. Мұнда орта буын медицина мамандары жан-жақты дәріс алып, технологияның тың тәсілдерін меңгеруде.

Биыл осы колледждің құрылғанына 10 жыл толды. Осы аралықта бітірген түлектер еліміздің әр аймағында жемісті еңбек етуде. Оқу ордасының мерейтойына арналған «Жаңа онжылдыққа – жаңа қадам» атты шараға оқытушылар мен студенттер қатысты.

Салтанатты кеште «Болашақ» университетінің құрылтайшысы, ҚР ҰҒА академигі Бақберген Досманбетов сөз сөйледі. 

– «Болашақ» медицина колледжі 2013 жылы ашылды. Мұнда студенттердің білім алуына бар жағдай жасалған. Оқытушылар құрамы жоғары санатты. Оқу ордасы толыққанды заманауи техникамен жабдықталған. Бүгінге дейін 4 мыңдай студент оқып бітірді. Жыл сайын студенттер саны артып келеді, – деді Бақберген Сәрсенұлы.

Жиында «Болашақ» университетінің ректоры Қайрат Бақбергенұлы бірқатар ұстазға «Болашақ» жоғары медициналық колледжінің құрылғанына 10 жыл» төсбелгісін табыстады.

Сонымен қатар пән оқытушылары «Болашақ» университеті ректорының сыйақысымен және алғыс хатымен марапатталды.

Кеш облыстық филармония өнерпаздарының концертіне ұласты.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<