Қазақстанға 25 градусқа дейін аяз келеді

414

0

Сурет: pixabay

Синоптиктер Қазақстанда 2024 жылдың 4-6 қаңтарына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Синоптиктердің болжауынша, жауын-шашын: негізінен қар, боран, көктайғақ, екпінді жел түрінде болады.

«Тек елдің оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің хабарлауынша, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы түнде 0-13°-тан -5-25°-қа дейін ауытқиды деп күтілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<