«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысымен кездесті

370

0

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірге іссапармен келген «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы, генерал-майор Қуанышбек Үштаевпен кездесті.

Кездесуде облыстың аумақтық қорғанысын нығайту және дамыту бағытындағы мәселелер талқыланды.

Қуанышбек Өскенбайұлы Сыр өңіріне сапары барысында Қызылорда гарнизонымен танысып, 16-18 қаңтар күндері аумақтық қорғаныс бригадасы өткізетін командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуына қатысады.

Аймақ басшысы аталған іс-шараның маңыздылығын айтып, оқу-жаттығудың сәтті өтуіне тілектестік білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<