Президент кеңесшісі Қанат Бозымбаев коронавирус жұқтырды

208

0

Фото: Ақорда

Президент кеңесшісі Қанат Бозымбаев сырқаттанып қалды. Бұл ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі растады.

«Мемлекет басшысының кеңесшісі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев коронавирусқа ПТР тест тапсырып, ол оң нәтиже берді. Науқастануына байланысты қазір демалыста, емделіп жатыр» деп жауап берді Ақорданың баспасөз қызметі агенттік жолдаған сауалға.

Айта кетейік, Қанат Бозымбаев 2023 жылдың 4 желтоқсанынан бері Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметін атқарып келеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<