Ағзасы донорлыққа берілген марқұмдардың туысына ақы төлене ме

2988

0

Фото: freepik.com

Денсаулық сақтау министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында ағзасы донорлыққа берілген марқұмдардың туысына ақы төлеу мәселесіне байланысты түсініктеме берді, деп хабарлады Қазақпарат.

«Ағза донорының туысына өтемақы төлеу мәселесі ведомствоаралық деңгейде талқыланады. Өйткені бұл мәселе қаржылық, құқықтық және басқа да аспектілері қамтиды», – делінген жауапта.

Бұған дейін ведомство Қазақстанда өлімнен кейінгі ағза донорлығы қалай дамығанын айтқан болатын.

«2019 жылға дейін жыл сайын өлімнен кейінгі ағза донорынан жасалған ағза алмастыру оталарының саны 86-ға дейін жетіп отырды. Әлемде өлімнен кейінгі ағза донорлығының көрсеткіші бойынша АҚШ; Испания, Хорватия елдері көш басында тұр. ТМД елдерінің ішінде Беларусь тізімнің алдында. Бұл елдерде өлімнен кейінгі ағза донорлығының көрсеткіші орта есеппен 1 млн адамға 31-ден келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық есебі бойынша, Қазақстанда бұл көрсеткіш – 0,021», – деп жазылған министрлік мәліметінде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<