Адам папиллома вирусына қарсы вакцинация басталады

1755

0

Ұлттық егу күнтізбесіне жаңадан вакциналау түрі енгізіліп жатыр, яғни адам папиллома вирусына қарсы екпе. Бұл екпе қашан басталады және кімдерге салынады?

Қазақстанда жатыр мойны обыры құрылымы жағынан әйелдердегі сүт безі қатерлі ісігінен кейінгі 2-ші орында тұр.  Соңғы 20 жылда ЖМО 26%-ға өскен. Адам папилломасы вирусынан туындаған жатыр мойны обыры (ЖМО) – әлемдегі ең көп таралған қатерлі ісіктердің бірі. Жыл сайын одан 300 мыңға жуық әйел көз жұмады. Қазақстанда ЖМО барлық жастағы әйелдер арасында қатерлі ісіктің басқа түрлері ішінде таралуы бойынша екінші орында тұр. Жыл сайын республика бойынша 1900-ге жуық жаңа жағдай тіркеледі, 600-ден астам әйел осы патологиядан қайтыс болады. Сондықтан  жағдай күрделенгеннен кейін алдын алу жұмыстары күшейтіліп отыр. Соның бірі ауруға қарсы вакцинация.

2024 жылы республикада Ұлттық вакцинация күнтізбесіне адам папиллома вирусына қарсы вакциналау енгізілді. Соған сәйкес ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында тиісті контингентке вакцинациялау жүргізіледі деп жоспарлануда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  ұсынымдарына сәйкес вирусқа қарсы иммунитет қалыптасу үшін 9 бен 14 жас аралығындағы қыздарға екпе салуға басымдық берілген. Бұл жағдайда вакцинация ерте жаста енгізілсе ең күшті иммундық жауап береді және тиімді болғандықтан осы жаста жүргізіледі. Қазақстанда 11 жастағы қыздарға екпе салу жоспарлануда. Бұл папиллома вирусына қарсы екпе 6 айлық аралықпен 2 мәрте жүргізіледі.

Бұл вакцинациялаудың жатыр мойны обырына қарсы тиімділігі қандай? Зерттеулер жүргізілді ме?

АПВ тудырған обыр – жалпыға бірдей АПВ екпесімен вакцинациялау арқылы толығымен алдын алуға болатын жалғыз ісік. ДДҰ мәліметтері бойынша 4 елде АПВ вакцинасын енгізгеннен кейін аурудың таралуы айтарлықтай төмеңдеді.

АПВ вакцинациясы кеңінен енгізілген елдерде:

 ● 25–29 жас аралығындағыәйелдерде жатыр мойныныңісік алды аурулармен зақымданужиілігі төрт валентті АПВвакцинасын алған соң 7 жылданкейін төмендеді.

● Популяция деңгейінде, әсіресе17 жасқа дейінгі қыздар арасында
инвазивті жатыр мойны обырыныңалдын алуда жоғары тиімділікбайқалды.

● 15–20 жас аралығындағықыздар арасында жалпақжасушалы карциноманыңтаралуы айтарлықтай төмендеді.

● CIN2 және CIN3 жатырмойны эпителийініңатипиясы айтарлықтай
төмендеді.

● Ерлер мен әйелдердежыныс мүшелерінің өткірұштыпапилломаларымен ауыру жиілігі90% -ға айтарлықтай төмендеді.

Барлық зерттеу көздерінен алынған деректер қазіргі уақыттабүкіл әлемде қолданылып жүрген
АПВ вакциналарының қауіпсіз және тиімді профилін растауды жалғастыруда. Бұл деректерді Қазақстандағы ЮНФПА қолдауымен 2021-2023жылдар аралығында Қазақонкология және радиологияғылыми-зерттеу институты жүргізген Қазақстан Республикасындағы АПВ вакцинациясының тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалайтын зерттеу дерастады.

Зерттеуге 2013 жылдан 2015 жылға дейін иммундау бағдарламасы пилоттық жобасы аясындавакцинацияланған 18 бен 32 жас аралығындағы қыздар қатысты Пилоттық бағдарлама Қазақстанның төрт аймағында: Атырау, Павлодар облыстарында, Астана және Алматы қалаларында жүзеге асырылды. Мектептерде вакцина егу жұмыстары ата-аналардың келісімімен жүргізілді. Вакцинацияланған адамдардың ешқайсысынан дисплазия, жатыр мойнының атипиясы, жатыр мойнының обыры, онкогенді АПВ түрлері (16,18) анықталмады. Сондай-ақ вакцина алғандар бір немесе екі баланы дүниеге алып келді. Бұл нәтижелер АПВ-қа қарсы вакцинациясының қауіпсіздігін, жоғары тиімділігін растап, вакцина алған әйелдердің денсаулығына пайдалы әсерін тигізгенін көрсетті.

Әлемдік тәжірибе қандай? Өзге елдерде бұл екпе түрі жүргізіледі ме?

Бүгінгі күні 125 ел қыздарға арналған ұлттық вакцинация
бағдарламаларына АПВ вакцинасын енгізді, ал 47 ел ұлдарға да қатысты
вакцинациялауды жүргізуде. Көптеген елдер вакцина салдыруды 10 жылдан
астам уақыт бойы жүргізіп келеді. Шығыс Еуропа және Орталық Азия (ШEОA)аймағына келетін болсақ, АПВ вакцинациясын жасөспірімдерге/ересектергеарналған иммундау күнтізбелеріне Армения, Грузия, Солтүстік Македония,Молдова, Түрікменстан және Өзбекстан енгізген. Әсіресе Түркіменстан менӨзбекстан БДҰ-на ел тұрғындарының 99%-ын қамтығанын хабарлады.

4.      Адам папиллома вирусынақарсықандай вакцина қолданылады?

Қазіргі таңда АПВ қарсы 3 рекомбинантты вакциналар бар – 2 валентті, 4 валентті және тоғыз валентті.  Қазақстанда АПВ-ның неғұрлым онкогенді түрлерінен (6, 11, 16, 18) қорғайтын төрт валентті вакцина қолданылады. Бұлардың барлығы жыныстық қатынас жасаудан бұрын, яғни АПВ-мен байланыста болғанға дейін егуге арналған. Сонымен қатар, вакцинаны ерлер мен әйелдерге 45 жасқа дейін қолдануға болады. АПВ қарсы вакциналар жоғары иммуногендік қасиетке ие.

Олар бұлшықетке енгізіледі, бұл дренажды лимфа түйіндеріне жылдам жетуін қамтамасыз етеді. Бұл вакциналарда қабынуға қарсы ортаны индукциялайтын, күшті гуморальдық реакцияны белсендіруге және сенімді иммундық жадыны қалыптастыруға көмектесетін адъюванттар бар.

Бүгінгі күні елімізде вакцинацияға қарсы шығушылар бары жасырын емес. Ең алдымен бұлхалықтың, медициналық қауымдастықтың, сондай-ақвакцинацияның қауіпсіздігімен тиімділігі жайында шешім қабылдайтын адамдардың хабардар болмауынан, білместігінен туындап отыр. Біз АПВ вакцинациясы туралы ең көп таралған жорамалдарды жоққа шығарғымыз келеді.

АПВ вакцинасы бедеулікті тудырады. Жоғарыда сипатталған көптегензерттеулер, соның ішінде Қазақстандажүргізілген зерттеулер вакцинаныалмаған әйелдер тобына қарағанда АПВ вакцинасын алған әйелдердің репродуктивті денсаулығының жақсырақ екенін көрсетті. Дүниежүзіндегі көптеген зерттеулердің нәтижелері фертильділіктің бұзылуы,аналық бездерінің жеткіліксіздік синдромы немесе басқа дарепродуктивті кемшіліктердің АПВ вакцинасымен байланысы жоқ екенінкөрсетті. Бұл АПВ вакцинасының бедеулікті тудырмайтынын дәлелдейді.

Вакцинация жасатқан адамдарда қауіп-қатертолығымен жойылады, вакцинацияланбағанжағдайда денсаулығына қауіп төнеді.АПВ қарсы вакцинациясы алдағы 100 жылда45 миллионнан астам адамды ажалданарашалап қалады деп болжанып отыр.

Біз жатыр мойны обырын жеңе аламыз!

Әлия Әбдіқайымова

Қызылорда облысының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<