Аймақтық комиссия жоспары бекітілді

403

0

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «AMANAT» партиясы «Жер аманаты» жобасы арқылы пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын үйлестіріп келеді. Осы мақсатта партия филиалдары жанынан құрылған комиссия малды жайылыммен қамтамасыз ету, жер қатынастарындағы басқа да мәселелерге мән беруде.

Мәселен, өткен жылы аймақтық комиссия мен жергілікті жауапты органдардың бірлескен жұмыстары нәтижесінде облыс бойынша 200 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып, 225,3 мың гектар болып артығымен орындалған.

Апта ішінде партияның облыстық филиалы жанындағы «Жер аманаты» аймақтық комиссиясының отырысы өтіп, алдағы жұмыс жоспары бекітілді.

Семинардың екінші аптасы

«AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында өңірде оқу семинарының екінші аптасы басталды.

Қызылорда қаласы мен Сырдария, Жалағаш, Шиелі және Жаңақорған аудандарынан тағы 250 азамат қаржылық сауатын арттырды. Облыс бойынша жоба аясында 500 азамат оқытылды.

«Мiras» кеңесінің отырысы

Биылғы жыл атаулы даталарға, мерейтойларға толы. Атап айтсақ, Әбділдә Тәжібаевтың 115, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100, Сәбира Майқанованың 110, Мәдина Ералиеваның 70 жылдығы.

Партияның облыстық филиалы жанындағы азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Мiras» аймақтық кеңесінің мүшелері бас қосып, ел тарихында орны бар көрнекті тұлғаларға құрмет көрсету мәселесін талқылады.

Азаматтардың өтініштері тыңдалды

Партия алаңында азаматтарды өтініштері бойынша қабылдау өтті.

Облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Жорабек Нұрымбетов, фракция мүшесі, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Әліп Мади, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қызылорда қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының бастығы Ләззәт Темірова және партияның облыстық филиалының заңгері Сәбитбек Алшынбеков қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардың өтініштерін тыңдады.

Қабылдауларға 11 азамат келіп, олардың 3-еуінің мәселесі оң шешімін тапса, 8-не қолданыстағы заңдар аясында құқықтық кеңес берілді.

Жоба аясындағы іс-шаралар

Партияның Арал аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясындағы «Октябрь» бастауыш партия ұйымы ардагерлермен кездесу кешін өткізіп, концерттік бағдарлама ұсынды.

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында Жалағаш аудандық филиалына қарасты «Жаңадария» ауылдық округі бастауыш партия ұйымы «Батыр аналар» бейнероликтер байқауын өткізді.

Аралдық партияластар «Кітап-AMANAT» жобасы аясында оқырмандар арасында «Кітап сыйла!» акциясын ұйымдастырды. Сонымен қатар партиялық бақылау комиссиялары әлеуметтік нысандарға мониторинг, тақырыптық қабылдаулар мен кездесулер өткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<