Антиядролық қозғалыстың жабылуына орай бірқатар іс-шаралар өтуде

220

0

Фото автордан

Бүгін Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына түрткі болған халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының жабылғанына 35 жыл толды. Осы күнге орай аймақ басшысының қолдауымен бірқатар шаралар ұйымдастырылды.

Қызылорда қаласындағы «Тағзым алаңында» ядролық сынақтарды тазалау жұмыстарына қатысып, құрбан болған азаматтарды еске алу митингі өтті.

Еске алу митингіне Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы И.Құттықожаев, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Есмаханов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Дүйсенбаев, облыстық «Қызылорда-Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Әбіш, бірлестік мүшелері мен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Апатты аймақта азаматтық борышын өтеген ардагердерді еске алуға бағытталған митингіде сөз алған Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы И.Құттықожаев ардагерлерге ізгі лебізін білдіріп, жастарды патриоттық негізде тәрбиелеуге сіңірген еңбектеріне алғысын жеткізді. Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Дүйсенбаев бүгініміздің бейбіт, ертеңіміздің жарқын болуына тілектестік білдірді.

Шара барысында қатысушылар «Невада-Семей» ядролық сынағының зардабын жоюға қатысқан ардагерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алды. Барша тұрғындар Сыр жұртшылығының атынан гүл шоқтарын қойып, ардагер сарбаздардың рухына құран бағыштады.

Сонымен қатар, облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен Достық үйінде «Қызылорда «Невада – Семей» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп қозғалыс ардагерлерімен салтанатты шара өткізілді. Салтанатты шарада облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Есмаханов ардагерлер арасында қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген бірқатар аға буын өкілдеріне облыс әкімінің «Алғыс хатын» табыстады.

Аталған шараға өңірдегі әскери бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым басшылары, белсенді жастар, қоғамдық бірлестік мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сондай-ақ, «Қызылорда «Невада – Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С. Әбіш бірлестік мүшелеріне «35 жылдық» мерекелік медаль табыстады. Аталмыш шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Салтанатты мерекелік шарадан соң, ядролық сынақтардан зардап шегіп, марқұм болған сарбаздардың рухына құран бағышталып, «Ақмешіт» мешітінде ардагерлерге ас берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<