Мәжілісте бірқатар мәселелер қаралды

281

0

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігі

Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліс отырысында алдымен аудан әкімі Ардақ Ибраимов кадрлық өзгерістерге тоқталды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес аудан әкімінің өкімімен Дүйсенбиева Бибіәсия Аманжолқызы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес аудан әкімінің өкімімен Дүйсекеев Жасұлан Талғатұлы аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы лауазымына қабылданды.

Жаңадан тағайындалған бөлім басшыларына алдағы уақытта функционалдық міндеттерді кәсіби деңгейде жоғары жауапкершілікпен атқарады деген сенім білдірді.

Аудан әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте күн тәртібіне сәйкес маңызды деген үш мәселе қаралды.

Мүгедектерге «Кедергісіз орта» қалыптастыру бағытында атқарылған жұмыстар тыңдалды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобаның орындалуы мен алдағы міндеттер талқыланды. Сонлай-ақ, Аудан бойынша санитарлық тазалық жұмыстары мен полигондардың жай-күйі туралы бірқатар тапсырмалар берілді.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш кенті бойынша санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру мәселесінің өзекті екенін айтты. Ауданның келбеті саналатын Жалағаш кентін көркейту, көгалдандыру бағытындағы жобаларды жүйелі жүзіге асыру қажеттігін жеткізді.

Күн тәртібінде қаралған мәселелерге сәйкес сала бойынша жауапты бөлім, мекеме басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар беріліп, аудан әкімінің орынбасарларына берілген тапсырмалардың уақытылы орындалуын жүктеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<