Шуақты көктем шырайы

237

0

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай №198 мектеп-лицейде облыстық білім саласы ардагерлер кеңесі мен облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен «Шуақты көктем шырайы» атты мерекелік кеш өтті.

Оған облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов пен қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев қатысты. Аймақтың білім саласында көп жыл қызмет етіп, бүгінде құрмет төріне шыққан зейнеттегі ардагерлерге жүрекжарды лебізін білдірді.

–       Қадірлі ұстаздар, апалар, баршаңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын! Қазір зейнетте болсаңыздар да қоғам өмірінен тыс қалмай, әсіресе білім саласының қандай да бір жаңалығын қалт жібермей отырасыздар. Сіздердің әрбіріңіздің орныңыз бөлек. Әрдайым отбасыларыңыздың ұйытқысы болып жүре беріңіздер, – деді басқарма басшысы.

Шарада қалалық мәслихат төрағасы ардагерлерді марапаттады. Кеште облыстық білім саласы ардагерлер кеңесінің ер азаматтары әріптестеріне дастарқан жайып, ақ жаулық жапты. Ән-жырдан шашу шашып, мереке көрігін қыздырды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<