Абыз ақсақалға құрмет көрсетті

339

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Әйтеке би кентінің тұрғыны, өнегелі өмір жолы ізгілікке толы абыз ақсақал Айымқұл Жалғасбайұлы 95 жасқа толды.

Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет халқының қадірлісіне айналған ақсақалдың шаңырағына арнайы барып, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев пен аудан халқының атынан мерейтоймен құттықтады. Сондай-ақ ақсақалдың иығына шапан жауып, «Құрмет грамотасы» мен құттықтауын табыстады.

Қарияны меретойымен құттықтаған аудан басшысы ақсақалдың саналы ғұмырында елге жасаған игі істерін айтып, ғұмырының көп бөлігін сауда саласына арнаған қарияға шынайы алғысын жеткізді.

Өз кезегінде Айымқұл ақсақал мерейтойымен құттықтаған аймақ басшысы мен аудан әкімдігіне алғысын білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<