Қарызсыз қоғам: 250 азамат курстан өтті

308

0

«AMANAT» партиясының жыл бойына жоспарланған «Қарызсыз қоғам» жобасы аясындағы оқу семинарының бесінші аптасы қорытындыланды.

Бұл аптада Қызылорда қаласы мен Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарына қарасты елді мекендерден 250 азамат қаржылық сауаттылығын арттырды. Бүгінгі күнге облыста 1043 азамат білімін жетілдіріп отыр. Партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова Қызылорда қаласында  білім алған жоба түлектерімен пікірлесіп, сертификат табыстады.

Су жағдайы назарда

«AMANAT» партиясы жанындағы республикалық партиялық бақылау комитетінің отырысы өтіп, еліміз бойынша көктемгі су тасқыны жағдайына облыстардағы барлық гидротехникалық құрылыстардың соның ішінде су қоймасы, су бөгеттері, қорғаныс бөгеттері, су торабтарының дайындығы пысықталды.

 Отырысқа бейнеконференция байланысы арқылы партияның облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары А.Жарылқасынов, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Н.Бақытбекұлы сонымен қатар жұмылдыру дайындығы басқармасы мен төтенше жағдайлар департаментінің басшылары қатысты.

Тағылымды кездесу

Қазақ әдебиетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат алып келген көрнекті жазушы Б.Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай партияның облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ белсенділері іс-шара ұйымдастырды.

«Кітап-Amanat» орталығында «Балалар әдебиетінің көкжиегі» тақырыбында педагогика ғылымдарының  докторы, балалар ақыны Рахат Наурызбаева және Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры Қаршыға Есімсейітовамен кездесу өткізді.

Онда жиналғандар балаға бағыт-бағдар беру, кітап оқуға баулу, балалар әдебиетін дамыту, кітап пен баспа нарығы жөнінде пікір алмасты.

Асханалардың жай-күйі зерделенді

Партияның Жалағаш аудандық филиалының төрағасы Өмірзақ Елеусінов бастаған арнайы жұмысшы топ білім ордаларындағы асханалардың жұмысына  зерделеу жүргізді. 

Ондағы мақсат  – асханалардың санитарлық тазалығы, тағамдардың орналасуы және белгіленген мөлшеріне сәйкес берілуі, тыйым салынған тағам түрлерінің сатылымына жол бермеу, қауіпсіздік ережесін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Жеке қабылдау өткізді

Партия алаңында  жеке қабылдау өтті. Онда облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшесі Алмас Рахметов, Еңбек, әлеуметтік қорғау комитетінің облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары Төреахмет Жолымбетов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің басшысы Ерлеген Мендалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ысқақов, «Құқықтық көмек» партиялық жоба аясында Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының заң кеңесшісі Айгүл Шегірова, Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев азаматтарды толғандырған мәселелерге құлақ түрді.

Қабылдау барысында түрлі бағытта 38 өтініш түссе, олардың 15-і оң шешілді. 8 өтініш қарауға алынып, 15-і бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Уақыт пен сапа бақылауда болады

Партияның қалалық филиалы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері сол жағалаудағы 100 келушіге арналған 300 төсектік көпбейінді аурухананың құрылысына мониторинг жүргізді.

Медициналық нысан құрылысы 2023 жылы бастау алды, 2025 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланған. Биылға құрылыс жұмыстарын жүргізуге 3,2 миллиард теңге бөлініп отыр. Ал жобаны толық аяқтауға 35 572 млн теңге қаржы қаралған.  Құрылыс жұмыстарын «Sheberbuild» ЖШС жүргізуде. Мониторинг барысында комиссия мүшелері уақыт пен сапа және қаржының мақсатты жұмсалуы партия бақылауында болатынын атап өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<