Биылдан бастап Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланып, жыл сайын 14 – 23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі өткізіледі.
Аталған 10 күндіктің ішінде 19 наурыз – Жаңару күні. «Жаңару» күні барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді. «Жаңару» күніне орай Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 37 мекемесі қызметкерлері ағаш отырғызу шарасын ұйымдастырды.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2024/03/qazh-768x1024.jpg)
«Бір тал кессең, он тал ек» деген дана бабаларымыздан қалған қағиданы берік ұстанған ұжым бір кісідей жұмылып, қолдарына күрек алып, мекеме ауласына ағаш көшеттерін отырғызды.
«Ағаш егу- ежелден келе жатқан игі амалдардың бірі.Халқымызда кез-келген жан артына бір тал ағаш отырғызып кетуі қажет деген жақсы бір тәмсіл бар. Міне,осы айтылғандай, әрбір азамат ағаш отырғызса,айналамыз көгалға айналары сөзсіз. Мекеме қызметкерлері отырғызған ағаштар мекеменің көркіне айналады» – деді кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны Дінмұхаммед Оспанов.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<