Апта ағымында

471

0

сурет ашық дереккөзден

Жастар денсаулығын сақтау – жауапты міндет

Апта барысында «AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Каринованың төрағалығымен ZOOM форматында онлайн жиын өтті. Онда жастардың репродуктивті денсаулығын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Жиынға партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, филиал жанындағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі кеңесшісі Алтынай  Молжанова және тиісті басқарма басшылары қатысты.

Бастауыш ұйым – партияның негізгі күші

Жұмыс аптасында бастауыш партия ұйымдарының облыстық форумы өтті. Онда бастауыш ұйымдардың мәртебесі мен белсенділігін арттыру, жұмысын жетілдіру жолдары талқыланды.

Форум жұмысына 46 мыңға жуық партия мүшесін біріктіріп отырған 206 бастауыш ұйымның төрағалары қатысып, негізгі бағыттар бойынша пікір алмасып, әдістемелік материалдармен танысты. Сонымен қатар «Әлеуметтік кәсіпкерлік: партиялық жобалар үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында арнайы ұйымдастырылған семинарға қатысты.

«Ауыл аманаты» жемісін бере бастады

Ауылдағы ағайынның кәсіп көзін тауып, табысын жақсартуды мақсат еткен «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруға өткен жылы облысқа 3 млрд теңге қаржы бөлінген болатын.

Бүгінгі күні жобаның жемісін көре бастаған азаматтар қатары артып келеді. Партияның облыстық филиалы жанындағы экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі өңірлік кеңес пен партиялық бақылау комиссиясының мүшелері бірлесіп, жоба аясында іске қосылған кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысты. Бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуына талдау жүргізді.

Бақылау бекеті орнатылды

Партияның Шиелі аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Самара-Шымкент-Қодаманов» автожолындағы «К-3» каналына салынып жатқан жаңа көпір құрылысына партиялық бекет орнатты.

Партиялық бақылау бекетінің басты мақсаты – құрылыс сапасын, бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын бақылау. Көпір құрылысы толық аяқталып, халық игілігіне берілгенше «AMANAT» партиясының тікелей бақылауында болмақ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<