Жасөспірімдердің білгені жөн

364

0

Жұқпалы аурулардың ғылыми дәлелденуі оған қарсы күрес жүргізуге, болдырмау үшін алдын ала шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Мәселен мерездің қоздырғышы ылғал, көлеңкелі жерде, сілекейде ұзақ өмір сүріп, өзінің ауру қоздырғыштығын көпке дейін сақтай алады және тек адамда ғана болады. Сондықтан адамнан адамға жұғады. Кейде пайдаланған орамал, қасық, шанышқы, ерін бояуы, темекі арқылы да жұғуы мүмкін. Ана сүті, донордың қаны арқылы жұғатыны туралы да деректер бар.

Қазір жасөсперімдер арасында осы ауру көбеюде. Себебі жасөспірімдер бұл аурудың түрлері мен жұғу белгілерінің пайда болуын толық білмейді. Гаджеттер арқылы ақпарат алатын болған соң оларды бейнероликтер арқылы ақпараттандыру маңызды. Тіпті мерез анадан балаға құрсақта жатқанда жұғуы мүмкін екенін қыз балаларға ескерткен жөн.

Бүгінде жыныстық білім алу қажеттілігі туралы мәселе әлі де талқылануда.

Айта кететін бір жайт, мерезбен ауырған адамдарда соз, трихомониаз тәрізді жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы аурулар да кездеседі. Бұл жағдайда қосымша аурулардың белгілері бұрын білінеді. Әдетте араққұмар, қоғамдық мораль қағидаларына құлақ аспайтын адамдар арасында жиі кездеседі. Сондықтан да оны түбегейлі жою ең алдымен жастарға берілетін тәрбиенің тиянақтылығына байланысты.

Бұл жазылмас ауру емес. Оған шалдыққан әрбір адам айығудың бір кепілі уақытылы дәрігерге көрініп, аурудан толық жазылғанша үзбей емделу екенін білгені жөн.

Салтанат ОСПАНОВА,

облыстық тері-венерологиялық диспансерінің мейіргері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<