Ағылшын тілі – әлемдік тіл

61

0

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деп бабаларымыз өсиет қалдырды. Бүгінгі буын зулап бара жатқан заман ағысына ілесе алуы қажет. Ағылшын тілі — дүние жүзіне ең кең таралған тіл. БҰҰ-да қабылданған ресми алты тілдің негізгісі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да 20 ғасырдың 50-жылдарынан бастап жоғары және орта оқу орындарында Ағылшын тілі оқытылып мамандар дайындалды. Жеке пән түрінде мектеп бағдарламаларына енгізілді.
Жастар шет тілін білсе, шет елге шығып оқуына, қызметіне байланысты тәжірибе алмасуына, саяхаттауына мүмкіндік бар. Ағылшын жаһанданудың үдерісіне ілесуге, ғылым мен техникадағы жетістіктерді меңгеріп, әлем халықтарымен қарым-қатынас жасауға, таным-түсінік кеңейтуге, ақпараттық алу тетігін ұлғайта түсуге мүмкіндік береді.


Бүгінде мектептерде ағылшын тілін оқыту оң жолға қойылды. Оқушылардың ағылшын тілін тек біліп қана қоймай, оның тарихын, ұлттық мәдениетін білуіне көп көңіл бөлінеді. Оқушылар олимпиада, конкурстарға жиі қатысады. Ағылшын тілі сабағы оқушылардың тілін дамыту, сөйлеу білік-дағдыларын қалыптастыру, ағылшын тілін қарым-қатынастық мақсатта оқыту, тіл арқылы халықтың рухани байлығын, тарихын танытуды көздейді. Оқушылар сабақта әңгімелесіп, бір-біріне сұрақ қойып, берілген заттарды сипаттап, аударма жасап, сахналық қойылымдарға қатысу арқылы ағылшын тілін үйреніп жүр. Топтар арасында сайыстар, мәнерлеп оқу жарыстары өтіп тұрады.

Біздің басты мақсатымыз – оқушыға ағылшын тілін қызықты етіп үйрету. Сондықтан әрбір сабаққа үлкен дайындықпен, ізденіспен келеміз. Жасұрпақтың білімді болуындағы басты көшбасшысы -мұғалім.

Гүлстан Керімқұл,

Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейіінің

Ағылшын тілі пәні мұғалімі,

Жалағаш ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<