Жалағаштықтар тал егу жұмыстарына белсенділік танытты

1874

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Бүгін Жалағаштықтар бірлік пен ынтымақ күнінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Бірге Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде тал егу жұмыстарын жүргізді.

Республикалық акцияға аудан тұрғындары, ардагерлер, этнос өкілдері, белсенді жастар, волонтерлер қатысып, қолдау білдірді.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов акцияға қатысушыларға 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінде облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының құттықтауын жеткізді.

Аудан бойынша өткізілген тал егу жұмыстары барысында 650 түп көшет егілді.

Жалағаш ауданының әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<