Қызылорда облысында көшеде тұрған автокөлік толығымен жанып кетті

154

0

Фото: Қызылорда облыстық ТЖД

Қызылорда облысы Арал ауданында жеңіл автокөлік өртенді.Оқиға аудан орталығы – Арал қаласында болды.

Төтенше жағдайлар саласына көшелердің бірінде «Mersedes-benz 210» жеңіл автокөлігі жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Оқиға орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 7 қызметкер барды. Олардың күшімен толығымен жанып жаткан автокөлікті сөндірілді. Жарақат алгандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деп мәлім етті Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада кафеде болған өртте құтқарушылар 14 адамды эвакуацияланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<