Бүгін композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Рамазан Таймановтың шығармашылығын насихаттау мақсатында І республикалық «Сыр Ана» әншілер конкурсының ашылу салтанаты және І кезеңі өтті.
Конкурстың ашылуында Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М.Қазбекова сөз сөйлеп, облыс әкімінің құттықтауын жеткізді.
Сыр даласын әсем әнге бөлейтін конкурсқа республикамыздың түкпір-түкпірінен және Сыр өңірінен арнайы іріктелген 17 талапкер қатысуда.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2024/05/syr-ana-1024x683.jpg)
Конкурс ережесіне сәйкес талапкер әншілер алғашқы кезеңде Рамазан Сағындықұлының әндерін орындаса, екінші кезеңде еркін тақырыпта конкурстық әндер орындайды.
Екінші кезең ертең Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында сағат 11.00-де, Рамазан Сағындықұлының 70 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш сағат 17.00-де өтеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<