Абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде

260

0

фото: қала әкімі

Орталық алаңды абаттандыру жобасы аясында Әйтеке би мен Ы.Жақаев көшелері де абаттандырылуда.

Әйтеке би көшесінің Желтоқсан көшесінен А.Байтұрсынов көшесіне дейінгі аралығы мен Ы.Жақаев көшесінің Әйтеке би көшесінен Қорқыт ата көшесіне дейінгі аралығына «Техоснастка-ремсервис» ЖШС мекемесі құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Жоба бойынша субұрқақ жаңартылып, оның аумағына брусчаткалар, жолжиек тастар орнатылады. Жарықдиодты шамдар қойылып, газондар, көпжылдық жасыл көшеттер отырғызылады. Сонымен қатар, шағын архитектуралық пішімдемелер орналастырылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<